«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы сауықтыру алаңы

2022 жылдың 3 маусымында мектеп жанындағы алаңның тәрбиеленушілері Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жанындағы «Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорны» КММ-не саяхаттап барды. Олар үшін осы шаруашылықтың маманы К .Б. Балмағамбетова танымдық экскурсия өткізді. Балалар кәсіпорынның жұмысымен танысты.

ҚР рәміздер күніне арналған «Рәміздер -рухымыз, ар ожданымыз»

(Мемлекеттік рәміздер мен еліміздің геральдикасы тарихына арналған бейнероликтің трансляциясы) атты іс-шараны мектебіміздің тәлімгері А.С.Заит өткізді, балаларға Республиканың Мемлекеттік рәміздері туралы бейнеролик ұсынылды. Түсініктерін бекіту мақсатында түрлі тапсырмалар берілді. Балалар өте белсенділік танытты.

Содан кейін «Жадыраған жаз!» конкурстық қызықты ойын  бағдарламасымен бастауыш сынып мұғалімдері М.Д.Кульмаганбетова мен Д.Т.Жусупова қимылды ойындар өткізіп, бекіту мақсатында «Жадыраған жаз» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды.

Жаңартылған күні: 15.06.2022 09:33
Құрылған күні: 15.06.2022 09:33

Текст