Табиғатқа ұқыпты қарау, игі істер мен іс-әрекеттердің көрінісін білдіреді, ол үшін балалар өсімдіктерге қалай күтім жасау керектігін, олардың қолайлы өсуі мен дамуы үшін қандай жағдайлар қажет екенін білуі керек. Біз оқушыларға іс жүзінде табиғатқа қамқорлық көрсету үшін жағдай жасауға тырысамыз. Осы мақсатпен 24 наурыз күні технология пәнінің мұғалімі Искакова Жупар Беккожаевна 5-6 сынып оқушыларымен бірлесіп, көктемгі демалыста "Менің терезе алдындағы бақшам" атты экологиялық акциясын өткізді.
2022 жылдың 25 наурыз күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6-11 сыныптар арасында «Спорт және шеберлік күні» аталып өтті.
11 «Б» сыныбы 1 орын.
9 «А» сыныбы 2 орын.
9 «Ә» сыныбы 3 орын.
Орын алған оқушылар мадақтама мен алғыс хаттармен марапатталды.
2022 жылдың 26 наурыз күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Оқу және жазу мәдениеті күні» тақырыбында 3-4 сыныптар арасында іс-шара өкізіліп,білімге деген ой-өрістерінің қалыптасуына үлкен мүмкіндік берілді.Оқушылар оқуға,жазуға деген ынталары қалыптасып,жақсы әсер қалдырды.
2022 жылдың 27 наурыз күні жоспарға сәйкес «Кино күні» тақырыбында 5 сынып оқушылары демалыс уақытында теледидар алдында жақсы кино тамашалап отырғандары туралы керемет фото- суреттерімен бөлісті.
2022 жылдың 28 наурыз күні «Игі істер күні» тақырыбында мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдасыруымен мектеп оқушыларымен бірге ауылымыздың тыл ардагерінің үйіне барып ән-шырқап,жақсы әңгімелерін тыңдап әсерлі көңіл күймен қайттық.
2022 жылдың 30 наурыз күні 1-2 сыныптар арасында «Отбасылық қонақ бөлмесі » тақырыбында әр сынып оқушылары демалыс уақытында немен айналысқандары туралы ақпараттар жинастырды.Балалар ата-аналарымен бірге серуендеуге шыққандарын,түрлі суреттер салғандарын,теледидар көріп отырып керемет уақыт өткізгендерімен бөлісті.