1.Оқушыларды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Бұл емтихан кезіндегі стресстік сезімін төмендетеді.
2. Тест тапсырмаларын талқылау кезінде оқушыларға сұрақтарды анализдеу және уақытты үнемдеуге үйретіңіз.
3. Оқушыларды жиі мадақтап, табысқа жетуге итермелеңіз
4. Кейбір оқушылардың қабілеттерін және басқалардың сәтсіздігін атап өту ережесінен бас тартыңыз.
5. Балаларды бір-біріне тікелей қарсы қоюдан аулақ болыңыз. Бүкіл сыныптың алдында оқушыларға «ұрыспаңыздар».
6. Тіпті «әлсіздердің» кішкентай жетістіктеріне назар аударыңыз, бірақ оны күтпеген нәрсе ретінде қатты атап көрсетпеңіз.
7. Барлық оқушыларды есімдерімен атауға тырысыңыз.
8. Оқушылардың сыртқы әрекеттерінің астарында өз мінез-құлқының мотивтерін көре білуге тырысыңыз.
9. Есіңізде болсын, барлық балаларға олардың істері мен әрекеттері үшін мақұлдау қажет.
10. Кез келген жастағы баланы бірлескен қызмет субъектісі ретінде қарастырыңыз.
11. Әр оқушының қателесуге құқығы бар екенің естен шығармаңыз.
12. Балалардың ерекшеліктерін, олардың даму деңгейін, ұмтылыстарын, идеяларын және т.б. түсінуге негізделген жеке көзқарасты жүзеге асыру.
13. Сыныпта табысқа, эмоционалдық әл-ауқатқа, мәдени құндылықтарға, білімге және денсаулыққа жағдай жасау