Абай үні – жүрек үні. Абай сөзі – жүрек сөзі. Ақын шығармаларын оқығанда оның жүрек соғысын кез – келген көзі ашық, көкірегі ояу адам баласы сезе алады. Абай – бар болмысымен, шын жүрегімен жырлап өткен ақынның бірі. Сондықтан да болар оның әр өлеңі жүрегімен жазылған, өлеңі мен әндері мәңгі жасап келеді. Өзі өлсе де, өлеңдері халық жүрегінен еш өшкен емес. Осындай асыл сарқылмас мұраны жыл сайын насихаттап отыру біздің мектебіміздің мақсаты. №1 Зеренді орта мектебінде сәуірдің 12-күні
IV Мектепішілік «Абай оқулары» байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: қазақ тілінің қолдануын дамыту Абай шығармашылығын насихаттау, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Байқау 3-номинация бойынша өтті.
2-4 сыныптар арасынан 17-оқушы қатысты. «Өлең сөздің патшасы....»
номинациясына бойынша қорытынды мынадай болды
4 «ә» сынып оқушысы Даулетова Жамиля Гран –при,
4 «А» сынып оқушысы Қуанышбек Махаббат 1-орын,
3 «Г» сынып оқушылары Наурызбай Дильназбен Мусаеыа Томирис 1-орын, 2 «А» сынып оқушысы Матжанова Айлина 2-орын, 3 «Ә» сынып оқушысы Тұрар Ахмади 3-орын, 4 «А» сынып оқушысы Бекахмет Аяулым 3-орынға ие болды. Ал, «Құлақтан кіріп, бойды алар...» номинациясы бойынша 3 «Ә» сынып оқушыларыУндурусова Дина мен Ундурусова Дильназ1-орынға ие болып мақтау қағазымен марапатталды. Барлық қатысушы оқушыларғаарнайы сертификат табыс етілді.
Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды көз алдымызға елестетудің өзі қиын, өйткені ол жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жиренткен қазақ халқының кемеңгер ақын – шешені. Оның таңғажайып шығармалары - жан азығының кәусар бұлағы, сөнбес шырағы.