Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 28.10.2020 жылы «Жасөспірім және заң» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында онлайн – кездесу ұйымдастырылды. Шараға Зеренді полиция бөлімінің капитаны Доскарина Лейла Максутхановна қатысып, қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі туралы сөз қозғап, оқушылар қазірден бастап заң нормаларын білуге, заңды бұзбауға үйрету, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға шақырды. Өз әңгімесінде инспектор қылмыстық жауапкершілік қай жылдан бастап басталатынын және құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін қандай жазалар қолданылатынын түсіндірді. Оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, заңдарды өмірде қолдана білуге көп мағлұматтар алды. Бұл іс-шара бекер өтпеді деп үміттенгім келеді және балалар олардың өмірі тек өздеріне байланысты екенін есіне алды…