«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс және ағылшын тілі апталығы

31.01.2024

22.01.2024-26.01.2024 аралығында мектебімізде орыс және ағылшын тілі апталығы өткізілді. Апталық аясында Lesson study, сыныптан тыс шаралар, үзіліс уақытында ойындар өткізілді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды. Мұғалімдер өздерінің кәсіптік шеберліктерін, ұйымдастыру қабілеттерін көрсете білді.Үзіліс уақытында «Тәтті блиц-сауалнама», «Караоке күні», «Жұмбақтар күні», «Ұлыбритания мен Ресей  елдерінің көрікті жерлері мен символдары» атты байқау мен іс-шаралар өткізілді.   
    Апталықтың жоспарына сәйкес  2024 жылдың 22, 23, 25 күндері 7 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен Lesson Study зерттеу сабақтарын  Нурсеитова  Жанель Жумагатовна жоспарлап жүргізді. Зерттеушілер тобы сабақты өткізбес бұрын сабақ барысындағы оқушылардың іс- әрекеттерін зерттеп, сабақтың өтуін қадағалады және маңызды тұстарын өздеріне жазып отырды. Сабақтың тақырыбы: «Entertainment and Media». 
2024 жылдың 22, 23, 24 күндері 8 «Б» сыныбында орыс тілі пәнінен Lesson Study зерттеу сабақтарын  Тулгабекова Азиза Руслановна  өткізді. 
      25.01.2024 жылы Қуанышева Динара Далабевна 6 сыныптар арасында «The Smartest» интеллектуалды ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: балалардың тілдік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін кеңейту және топта жұмыс жасауға баулу.  Жарыс барысында балалар ағылшын тілінен білімдерін шыңдап, белсенділік танытып, мадақтамалармен марапатталды. 
      24.01.2024 жылы Абугалиева Ботагоз Мауленовна 4 сынып оқушылары арасында «Funny English» атты  интелектуалдық сайысын өткізді. Іс-шараның мақсаты: тілдік құзыреттілікті қалыптастыру,  білімдерін шыңдау, әрі қарай дамыту. Бар білімдерін ойын жағдаяттары арқылы бекіту. Оқушылар, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінен сұрақтарға жауап беріп, тәтті сыйлықтарға ие болды. Сайыс өте тартымды да, қызықты өтті. Барлық топтар мадақтармен мараппаталып, сыйлықтар берілді.
26.01.2024 жылы Бунина Валерия Евгеньевна  
10 «Б» сыныбында  орыс әдебиеті пәнінен «Наказание Раскольникова» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, жеке және жұптық тапсырмаларды орындады. 
26.01.2024 жылы Галымова Дарина Сапаровна 5 "Б" сыныбымен ағылшын тілінде сабақтан тыс интеллектуалды "блиц-сауалнама" ойынын өткізді. Балалар елтану бойынша сұрақтарға жауап берді және берілген сөз тіркестердің мағынасын ашып, сөздерде түсіп қалған әріптерді таба білді. Сайыс соңында әр оқушы тәтті сыйлықтармен,  мақтау қағаздарымен марапатталды.

Просмотров: 546


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст