«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«№1 Зеренді орта мектебі» КММ «Біз біргеміз» атты отбасылық клуб мүшелерінің жиыны

30.01.2020

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі–әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Отбасының екі тірегі–әке мен ана. Адамды әлеуметтендіру, яғни оның қоғамға енуі, өзгелермен қарым-қатынасы отбасынан басталады. Үлкенді құрметтеп, қадір тұтуды, сыйласа білуді қазақтар отбасында берік ұстанған. Отбасылық құндылықтар–ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Әр көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен әл-Фараби. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты–елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.2020 жылдың 29 қаңтар күні мектебіміздің қабырғасында отбасы клубы мүшелерінің «Менің отбасым –менің қорғаным» тақырыбында кезекті жиыны өтті. Жиын шығармашылық – ойын түрінде өтті. Ата-аналар және балалар «Қатал пияз» тақырыбында видео-ролик көріп өздерінің ойларын айтып, отбасыларының эмблемасын салды, түрлі конкурстарға және түрлі ойындарға қатысты. Іс-шарамыздың соңында ата-аналар стикерге ұйымдастырылған шара жайлы өз ойларын жазып, мектеп тарапынан шағын ескерткіштер берілді.

 

 

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст