«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас шахматшылар" шахмат үйірмесі

    Қазіргі уақытта мектептерде шахмат спортын  дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Өйткені, шахмат тек спорт емес, бұл ғылым мен өнер, бұл әр түрлі жастағы, ұлт пен кәсіптегі адамдарды біріктіретін ойын.

   Оқушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыру, олардың бос уақытын ұйымдастыру үшін ,жан - жақты дамуына жағдай жасау мақсатында мектепте "Жас шахматшылар" шахмат үйірмесі жұмыс істейді. Шахмат үйірмесі өз жұмысын  А.А. Хвоинскаяның басшылығымен 2019-2020 оқу жылынан бастады.

   Антонина Анатольевна шахмат үйірмесінің оқытушысы болып жұмыс істей отырып, үш жыл бойы осы ежелгі ойынға ерекше қызығушылық танытқан оқушылар үшін  қосымша сабақтар өткізді. Осы оқу жылында қосымша білім беру мұғалімі болып жұмыс істей отырып, ол таңдалған бағытта жұмыс істеуді жалғастыруда. Осының арқасында оның тәрбиеленушілері - аудандық және облыстық турнирлердің жүлдегерлері және шахматтан Ақмола облысының чемпионатының қатысушылары болды.

   Он бір оқушы спорттық разрядтарға ие болды:

Жақсыкелді Мұхаммедали және  Совет Рамазан - 2 разряд, Нұрғали Нұриддин, Құлмағамбет Нұрым және Кемешов Абылай, Хайрнасов Әмір - 3 разряд,  Қыдырбек Нұрбек, Нұрдәулет Айлин, Құрмағожа Мансұр, Амангелді Арсен және Сураганов Данияр – 4 разряд.

   Хвоинская А.А.  сыныптан тыс іс-шаралар,  конкурстар мен шахмат викториналарын да өткізеді.

  Ағымдағы жылдың 13 мамырында Отбасы күніне арналған 3-5 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат турнирі өткізілді. Жас шахматшылар туған - туыстарының шахмат партияларын үлкен қызығушылықпен тамашалады, олар осындай ерекше іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін мұғалімге алғыстарын білдірді. Өкінішке орай, турнирге қатысушылар аз болды және мұның басты себебі – ата-аналардың Шахмат ойнай алмауы.

 Турнир жеңімпаздары: Нұрдәулет Айлиннің отбасы (қызы мен әкесі) - 1 орын, Амангелді Арсеннің отбасы (ұлы мен әкесі) - 2 орын, Смайлова Фатиманың отбасы (немересі мен атасы) - 3 орын.

Қазіргі уақытта үйірмеге 35 оқушы қатысады. Олардың  ойынға деген қызығушылықтары оларға тек оқуда ғана емес, өмірде де көмектеседі, өйткені шахмат бала бойында жауапкершілік, жеңісті де, жеңілісті де лайықты қабылдау қабілеті сияқты керемет қасиеттерді қалыптастырады. Ата-аналар балаларының қызығушылықтарына  түсіністікпен және құрметпен қарайды және оларды барлық жағынан қолдайды. Бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймыз.

Жаңартылған күні: 15.05.2023 12:05
Құрылған күні: 15.05.2023 12:05

Текст