Сабақтың тақырыбы: «Күш
жаттығуларын үйрету әдісі»
Сабақтың мақсаты: Дене қызметінің барлық түрлерін меңгерудің сапалық
негіздерін қамтамасыз ететін білім жүйесін қалыптастыру.
Сауықтыру мақсаты:Денсаулықты нығайту және дене қасиеттерін жетілдіру үшін
дене жаттығуларының әр түрін жекелей қолдану тәжірибесі.
Тәрбиелік мақсаты:Денені үйлесімді қаыптастырумен қатар оқушыларды
адамгершілік,ақыл-ой,эстетиаклық және еңбек тәрбиесіне баулу.
Өтілетін орны: Спорт зал. Уақыт: 45 мин
Көрнекі
құрал-жабдықтар: Гим.төсеніш, гим.орындық,
гим.шеңбер, нығыз доптар, гір тас, гантель,секіртпе.
Реті |
Сабақ мазмұны |
Мөлшері және уақыты |
Әдістемелік нұсқау |
|
Кіріспе бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сәлемдесу, сабақтың мақсаты мен тақырыбын түсіндіру. Саптық жаттығулар.
Дайындық бөлімі: Жүру,оның түрлері: - қолдарын жоғары ұстап,аяқтың ұшымен; - қол желкеде, өкшемен; - қол белде,аяқтың сыртқы жанымен; - аяқтың ішкі жағымен жүру; - қолды алға созып,жартылай жүрелеп жүру; - толық жүрелеп жүру;
Жүгіру жаттығулары: - жеңіл жүгіріс; - тізені жоғары көтеріп жүгіру; - қолды артқа қойып,аяқты артқа сермей жүгіру; - қол белде,аяқты алға созып жүгіру; - қол желкеде,аяқты артқа сілкіп жүгіру; - оңға,солға тіркеме адыммен жүгіру; Жай жүріске түсу: - оң,сол аяқтарын ұстап секіру; - әр аяққа еңкейіп,алға жүру;
Негізгі бөлімі: Қыздарға: - нығыздалған допты кеудеден беру; - шығыршықпен еңкейіп,кеудеге тарту; - гимнастикалық орындықтан қос аяқпен секіру; - гимнастикалық төсенішке жатып,кеудені көтере нығыздалған допты желкеден асырып лақтыру; - гимнастикалық орындықта қолды бүгіп жазу; Ұлдарға: - секіртпемен секіру; - еңкейіп тұрып,гір тасын кеудеге тарту; - кермеге тартылу; - гим.жарға басымен төмен асылып тұрып,аяқты жоғары көтеру; - нығыздалған допты қолға ұстап,кеудені көтеру; - гим.орындықтан жанымен қос аяқпен секіру; - гим.орындыққа аяқты қойып,қолды бүгіп жазу;
Қорытынды бөлімі:
Эстафеталық ойындар:
- нығыздалған доппен жүгіру; - гимнастикалық шеңберді киіп,екі-екіден жүгіру; - арқан тарту; Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма:қолды бүгіп - жазу,секіртпемен секіру. Сабақты аяқтау. |
3 мин
12 мин
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
20 мин
10 рет
10 рет
10 рет
10 рет
15 рет
20 рет
15 рет 5 рет
6 рет
30 рет
8 рет
10 мин
|
Арнайы киімдеріне,сабақ-қа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару.
Денені тік ұстап,тізені бүкпеу.
Барынша жоғары,қол алда,арқаны тік ұстау. Аяқты қолға жеткізу. Тізені бүкпей,аяқтың ұшымен. Қол белде.
Аяқтарын ұстау.
Допты барынша дәл қолына беру. Арқаны тік ұстау керек. Барынша жоғары секіру. Допты қаттырақ лақтыру.
Денені тік ұстау.
Аяқтың ұшымен.
секіру. Қолды бүгіп-жазу. Денені тік ұстау. Аяқты қосып ұстау. Төсеніште жатып. Еңкейіп тұрып. Аяқтарын жазбай,орындық-қа аяқтарын тигізбеу. Қолдарын еденге қою керек,денені тік ұстау
Жақсы орындаған оқушыларды мадақтау.
Сабақ барысында жіберілген қателіктерді айту, түзеу. |