«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Дарын» ОҒҚ-ы оқушыларының ХІІ-ші ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

2022 жылдың 22 сәуір күні «Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ кезекті мектепішілік  «Ғылымға алғашқы қадам» атты оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты – талантты, дарынды  балаларды анықтау және қолдау, мектеп мұғалімдерін олармен жұмыс жүргізуге тарту, оқушылардың ғылым салаларындағы ізденіс жұмыстарын жандандыру мен ғылыми көзқарастарын дамыту.   

          Конференцияға 1-11 сыныптардың жас зерттеушілері қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 1-7 және 8-11 сыныптар болып екі топқа бөлінді. Олар жеке жүргізілген авторлық жұмыстармен қатар топтық жұмыстарды да алға тартты.  

          Конференцияның құрметті қонақтары ретінде оқушылар, ата-аналар және аудан мектептерінің мұғалімдері шақырылды.
Әділқазы алқасының құрамына Викторовка және Шағалалы орта мектептерінің өкілдері кірді. Конференцияда биология, спорт, медицина, орыс тілі мен әдебиеті,
қазақ әдебиеті секцияларының жобалары тыңдалды. Оқушылар экспонаттар мен модельдер көрмесінде өз тәжрибелік жұмыстарын көрсетті.

           Конференция қорытындысы бойынша әділқазы алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мадақтамалармен марапаттады. Жас зерттеушілерге конференцияға қатысқаны туралы сертификаттар табыс етілді. Ата – аналар сыйлықтар сыйлады.   

Конференция қорытындысы:       

Жоба тақырыптары.

Қатысушының А.Т

Жоба жетекшісі

Алған орындар

1-7 классы

1.

«Құрттың құдыреті»

Қуанышбек Әлішер  1«А»

Хамзина Б.И.

номинация «Жас ғалым»

2.

«Зеренді футболының дамуы»

Тишыбай Дінмұхамбет

2 «Ә»

Кульмаганбетова М.Д.

ІІІ

3.

«Адыраспанның емдік қасиеті»

Шахмет Малика 3 «А»

Касымова М.Ж.

«Гран – при»

4.

«Загадочный крахмал».

Сизухина Алина

Сизухина Ю.В.

І

5.

«Ертегілер – халық даналығының айнасы, өмір тәжірибесін танытар тәрбие құралы».

Қажымұрат Аружан,

Тишыбай Ақерке

Әміржан Фариза

номинация «Өзектілік пен жаңалық үшін»

6.

«Влияние социальных сетей на язык».

Котикова Сатимира

Амирова А.К.

ІІ

7.

«Мусору нет»

Горбунова Мария

Жагыпарова Ж.Д.

ІІІ

5-7 классы

8.

«Абай Кунанбаев и мировая литература».

Бектас Сабина

Тасбулатова В.А.

І

Әділ қазылар алқасы оқушылардың ғылыми жобаларын аудандық, облыстық, қашықтық ғылыми жобалар байқауына жіберулеріне ұсыныс жасады.   

            1-11 сыныптар оқушыларының арасында өткен ХІІ мектепішілік

            ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпаздары, жүлдегерлері,

            әділ қазылары, ата-аналар мен жоба жетекшілері. 22.04.2022ж.

                                                Зеренді а. №1 ЖОББМ

 

Қорытынды:

Конференция жоспар бойынша ұйымшыл түрде өтті. Оқушылар өздерінің шығармашылдық қабілеттерін,  ораторлық шеберліктерін, жақсы дайындық деңгейлерін көрсетті. Жұмыстар ғылыми жобаларды жүргізу тәртібіне сай безендірілген. Жоба материалдарының көрмесі түрлі-түсті және мазмұнды болды.  

 

Ұсыныстар:

  1. Жобалар аудандық ғылыми жобалар байқауына қатысу үшін, аудандық білім бөліміне жіберілсін.
  2. Конференцияда сертификат алған барлық жобалар, өздерінің тілектері бойынша әр түрлі қашықтық және басқа да ғылыми жобалар байқауларына қатысуларына болады.

 

       Кенжебаев С.А.

директордың оқу-әдістемелік

жұмысының орынбасары                                                        

   

22.04.22ж.                  

Жаңартылған күні: 28.04.2022 14:53
Құрылған күні: 28.04.2022 15:07

Текст