«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕНДІ МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП СҰРАТЫЛМАЙДЫ

30.10.2019

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік керсетілетін қызметі 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап алынып тасталады.

Яғни, түрлі ұйымдар: мектептер, ауруханалар, тұргын үй-коммуналдық шаруашылық, елшілік пен консулдықтар, трансұлттық компаниялар,    халықаралық ұйымдар - Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын қандай да болмасын жағдайда талап етпеуі тиіс.

Мекенжай анықтамасын Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы да, электрондық үкімет порталы (бұдан әpi - портал) арқылы да алуға болмайды.

Қажеттілігіне қарай, көрсетілетін қызметті алушылар өзінің тіркелген жерін ЭУП-ғы жеке кабинетінде немесе eGOV mobile қосымшасы арқылы тексеруіне болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда өзінің ақпараттық жүйесі арқылы осы ақпаратқа қол жетімділігі бар.

Бұл жағдайда, азаматтың тіркелгені туралы ақпарат қажет болған жағдайда басқа ұйымдар, сонымен қатар жеке компаниялар оны ЭУП-ғы үшінші тұлғалармен анықтамаларды алудың сервисі арқылы ала алады. Ол, жеке тұлға өзінің мекенжайы туралы ақпаратты бip реттік алуға келісімін SMS арқылы жолдаған жағдайда мүмкін болады.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу, көрсетілетін қызметті алушының телефонында SMS алу ушін міндетті шарт болып табылатынын атап өту кажет.

Өз кезегінде, мобильді азаматтар базасына тіркелуді өз бетінше icкe асыруға болады (ЭУП «жеке кабинетте», «телефон» тарауында телефон номiрiн керсету/ауыстыру және ЭЦҚ растау), немесе кез келген жақын жердегі фронт-офиске өтініш білдіру қажет.

Просмотров: 268


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст