Текст
Ел тарихын, мәдениетін білу – әрбір азаматтың міндеті. Мұражай – өткеннің ізін жаңғыртып, тарихтан сыр шертетін негізгі құрал. Міне, осындай тарихи оқиғаларды санамызға сіңіруде мұражайлардың орны ерекше. Осыларды ескере келе «Күншуақ» сауықтыру алаңының оқушыларымен 7-маусым күні тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа баруды ұйымдастырдық.Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсаты оқушылардың өткен тарихқа деген құрметті қалыптастыру және мұражайдағы бай тарихи жәдігерлермен танысу.Мұражайда өлкеміздің тарихы, табиғаты, мәдениеті мен салт-дәстүрі, ауыл шаруашылығы туралы балалар көп мәлемет алды.
Содан кейін оқушылармен паркке барып түрлі аттракциондарға мініп,көңіл көтердік.Бүгінгі күн есте қаларлықтай болды.