10.09.19 ж ағылшын тілі мұғалімдері Абугалиева Б.М және Золоторева Н.М сонымен қатар орыс тілі мұғалімі Балтабаева Д.К. «Жұлдызды сәт» танымдық интелектуалды ойынын өткізді. Бұл ойында 2-3 қазақ және орыс сыныптары қатысты.
Іс-шараның басында оқушылар ойынның ережесімен танысты. Мұғалім ойынды кіріспе сөзден бастады. 7 топ (әр сыныптан екі оқушы) ағылшын тілінде болатын сергіту сәтіне шақырылды. Оқушылар шеңбер құрып мұғалімнің командасын орындады, яғни мұғалім ағылшын тілінде «Who has long black hair, change your seats e.t.c.» оқушылар тез арада орындарын ауыстырды.
Ағылышн тілінде өткен сергіту сәтінен кейін орыс тілі мұғалімі интелектуалды сергіту сәтімен жалғастарды. Оқушыларға интелектуалды сұрақтар қойылып, негізгі кезеңдерге дайындалу болды. Ойын қатысушылары «Қанеки тауып ал» 1 негізгі іріктеу кезеңіне көшті. Бұл кезеңде қатысушылар суреттерді тауып орыс және ағылшын тілінде жауабын беру керек, әр дұрыс жауапқа 1 балл жұлдызшы түрінде беріледі. Келесі кезеңге 5 топ өтеді, ал ең аз балл жинаған екі топ ойыннан шығады.
Екінші «Application» кезеңінде қатысушыларға геометриялық пішіндерден аппликация жасап, осы пішіндердің ішінде ең басымды пішінді және түсін ағылшын тілінде атау керек болды. Осы кезең соңында жұлдызшалар тағы саналып ең аз жұлдызша жинаған екі топ ойыннан шығады.
«Кубик-Рубик» шешуші кезеңінде қатысушылар текшеде көрсетілген әріптерге басталатын сөздерді айту керек. Қай топ көп сөз айтады, сол топ жеңімпаз болып шығады. Барлық кезеңдердің нәтижесі бойынша ойынның жеңімпазы анықталады. (Жеңімпаз Команда "Сіздің жұлдызды сағатыңыз!", ал жеңілген команда "Сізде әлі де барлығы алда!" деген үлкен жұлдыз түрінде диплом алады). Интелектуалды ойын соңында оқушылар эмоциялар мен әсерлермен бөлісті.