07.04.2026
Кәсіптік бағдар беруші педагог Мұхаметқалиева Л.Д. дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Беленкова Н.В.-мен бірлесіп, 7 «Б» сынып оқушыларымен ашық ауада белсенді іс-шара өткізді 🌿
🎯 Негізгі мақсат — оқушыларды мамандықтармен таныстыру ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманда маңызды soft skills (икемді дағдыларды) дамыту:
✔️ командада жұмыс істей білу
✔️ қарым-қатынас дағдылары
✔️ көшбасшылық қасиеттер
✔️ креативті ойлау
✔️ шешім қабылдай білу
👩⚕️👨💻👩🏫 Тимбилдинг барысында оқушылар әртүрлі кәсіби рөлдерді байқап көрді — дәрігер, мұғалім, IT-маманы, кәсіпкер, құтқарушы және тағы басқа мамандықтар!
📌 Мұндай формат оқушыларға тек мамандықтар әлемімен танысып қана қоймай, өздерін жақсырақ тануға — өздерінің күшті жақтарын, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
