Қымбатты балалар, құрметті ата-аналар, әріптестер!
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп коронавирустық пандемия кезінде халыққа психологиялық және психотерапиялық қашықтықтан көмек көрсету үшін covid-19. mentalcenter сайтын іске қосқанын естеріңізге саламыз.
Осындай күндерде маңызды қолдау көрсету үшін психотерапевт дәрігерлер, психолог мамандары бірігіп жұмыс істеуде.
ТЕГІН психологиялық көмек алуға арналған Веб-сайт (Ақпарат және мамандардың жеке онлайн кеңесі)
https://covid-19.mentalcenter.kz / - қазақ тілінде.
https://covid-19.mentalcenter.kz/ru / - орыс тілінде. Ресурстар болып келуі мүмкін:
* сыртқы қолдау және көмек көздері:
- отбасы, жақын адамдар, достар және олармен қарым-қатынас;
- мамандандырылған қызметтер мен көмек;
- ақпарат (жадынамалар, сайттар, мақалалар...).
* ішкі көздер (өз бетіңізше сенуге болатын нәрсе):
- қызығушылық, хобби;
- демалыс, бос уақытты ұйымдастыру;
- тұлғаның қабілеті мен сапасы;
- өз-өзіне көмек көрсету тәсілдері.
Есіңізде болсын, сіз жалғыз емессіз, сізге әрқашан көмекке келуге дайынбыз!
Құрметпен: педагог-психологтар Исаканова Асия Зиядаевна, Сулаймонова Асемгуль Амангельдиновна