Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі мен "Аружан" бөбекжайы арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 6-сәуірінде "Жұлдызай" ересек тобының бүлдіршіндері мектепке танымдық сапармен келді.

07.04.2026

Бұл іс-шара балаларды мектеп ортасына бейімдеу, оқуға деген қызығушылығын арттыру және болашақ бірінші сынып оқушыларының мектеп өмірімен танысуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды. Сапар барысында балабақша тәрбиеленушілері мектептің бірқатар нысандарымен танысып, оқу процесінен шағын үзінділерді тамашалады. Олардың алғашқы аялдамасы мектеп кітапханасы болды. Кітапханашы бүлдіршіндерге кітап әлемі туралы әңгімелеп, түрлі кітаптарды көрсетті. Кітапханадан кейін "Жұлдызай" тобының балалары бастауыш сыныптардың сабақтарына қатысып, 1- сынып оқушыларының қалай сабақ оқып жатқанын, мұғалімдердің қалай түсіндіретінін бақылады. Балалардың кейбірі тіпті партаға отырып, өздерін мектеп оқушысы ретінде сезініп көрді. Бұл сапар балабақша мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, балалардың мектепке ауысу кезеңін жеңілдетуге ықпал етті. 

/public/files/2026/4/7/070426_151634_whatsapp-video-2026-04-06-at-181132.mp4

Просмотров: 3146


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу