Жұмыс жоспарының міндеті: Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады. Жұмыс жоспары бойынша төмендегі іс-шаралар атқарылып отыр.
Мектеп ұжымы арасында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау жұмыстары жүргізілді. 1 қыркүйек «Білім күні» күніне арналған «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында өтілген салтанатты жиын «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясын негізге ала отырып өтілді.
Қыркүйек айында мектеп кітапханашылары Жанашева Т.В. мен Сулаймонова Б.Д. ұйымдастыруымен оқырмандар конференциясы өтілді. Мектеп кітапханасында арнайы бұрыш ұйымдастырылып, мектеп оқушылары мен ұжымы арасында насихаттау жұмыстары жыл бойы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, «Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Оқушыларға «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы таныстырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.