«Қасірет»

05.02.2026

Бүгін 7–11 сынып оқушылары «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қасірет» атты театрландырылған қойылымды көру үшін Мәдениет үйіне барды.

🎭 Қойылым жасөспірімдер арасында нашақорлықтың және түрлі тәуелділіктің алдын алуға арналды. Театрлық образдар мен өмірлік жағдайлар арқылы оқушыларға есірткі заттарын қолданудың құқықтық, әлеуметтік және жеке тұлғалық салдары айқын көрсетілді.

☝️ Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және өмірлік құндылықтарды саналы түрде таңдауына бағытталды.

Просмотров: 1813


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу