Текст
Күн, су, ауа-табиғат сыйы және олардың балалар ағзасына тигізер пайдасы зор. Бүгін "Гүлдер" жазғы сауықтыру алаңының балалары жаздың ыстық күні, жасыл желек орманның таза ауасымен тыныстауға саяхатқа шықты. Орман ішінде таза ауада көңілді ойындар ойнап, тамақтанып, демалды. Сонымен қатар, балалар "Визит орталығына" барып, Зеренді аумағында кездесетін аң-құстармен, Зеренді көлінің тарихымен танысты.