"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағымдағы жылдың 5 қазанынан -20 қарашаға дейін «Асыл жүрек» Республикалық балалар шығармашылық байқау-фестивалі өткізілді.

07.12.2020

Байқаудың негізгі мақсаты- дарынды білім алушыларды қолдау ,жағдай жасау, олардың шығармашылық қабілеттерін және адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту.  Сондай-ақ, жалпыадамзаттық құндылықтар призмасы арқылы оқу пәндерін және қосымша білім беру пәндерін оқуға қызығушылықты қалыптастыру.

  Аталмыш байқауға  мектебімізден әндер байқауына  «Нұр беретін Музыка» номинациясы бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Курмангожина Дильназ бен 5    «А» сынып оқушысы Бейсембай Нұрболат қатысты.

 Курмангожина Дильназ –жүлделі 1-ші орын иегері болса, Бейсембай Нұрболат -2 –ші орын лауреаты атанды. Жетекші мұғалімдері-Курманғожин Қ.Ш.

Сурет салу байқауына рухани-адамгершілік номинациясы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Қайдар Нұрислам қатысып, 3-ші орынға ие болды. Жетекші мұғалімі: Тулегенов А.К.

Құттықтаймыз!

Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст