2023 – 2024 оқу жылының 19 ақпан мен 23 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті бағытындағы әдістеме бірлестігінің пән апталығы өтті. Өткізілетін іс - шара жоспары құрылып, бекітілді. Құрылған жоспар бойынша жауапты мұғалімдер, сыныптар және әр іс - шара мерзімі анықталды. Зерттеу сабағын жүргізетін шығармашылық тобы құрылып , өз жұмыстарын бастады. Топ құрамында қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ 4 мұғалімі жауапты боп бекітілді. Апталық аясында жүргізілген барлық іс -шаралар, сыныптан тыс жұмыстар және зерттеу сабағы да орыс тілінде білім алатын сыныптарға бағытталды.
Апталықтың әр күні арнайы бір тақырыпқа негізделді. Алғашқы күні «Қазақ тілін сүйеміз!» атты тақырыпен басталды. Бұл күні «Тілім тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты салтанатты саптүзеу өтті. 11 А сынып оқушылары жауапты болып, Жұбан Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» -өлеңімен ашылды. Оқылған өлең шумақтары және Султанова Индира мен Мәлік Елжастың орындауында шырқалған әсем ән көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Үзілістер арасында оқушылар арасында мақал айтып, ыстық бауырсал алуға қызықтыратын тапсырмалар берілді.
Тақырыбы:“Мақал-сөздің мәйегі” мақал айтып, ыстық бауырсақ ал.
Мақсаты: халықтың рухани қазынасы, ғасырлар шежіресі, халық тарихы мен тіршілігі, ақыл - өнегесінен көрініс тапқан мақал - мәтелдер туралы оқушылардың білім - білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен талдау машықтарын қалыптастыру. Атадан қалған асыл мұрамызды орынды пайдалана білуге, ұшқыр да, ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Өткізген: Т.Б.Бегайдар, Ф.Ж.Әміржан
Қазақ тілі ӘБ-нен “Тек алға!” атты мотивациялық видео-челлендж.
Өткізген:Т.Б.Бегайдар, Ф.Ж.Әміржан
Екінші күні «Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы» атты тақырыппен өткізілді. Бұл күні оқушылар арасында ұлттық киім байқауы, қабырға газеті байқауы және шешендік сөздерге арналған сайыс сабағы жоспарланды. Сонымен қатар зерттеу сабағының алғашқы сабағы өтті.
Тақырыбы: “Ұлттық киім күні” байқауы
Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы күні оқушылар мен мұғалімдер үстеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, жас ұрпақтың ұлттық әшекейлерге қызығушылығы артып, өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырды.
Өткізген: Т.Б.Бегайдар, Ф.Ж.Әміржан
5 А сыныбында «Бабалар сөзі ұрпаққа үлгі». Шешендік сөздер. Сайыс сабағы өтті Оқуышылар топқа бөлініп, шешендік сөздерге, тапқырлыққа, шығармашылыққа баулитын тапсырмалармен жұмыс, жасап, ақындық қасиеттері бар оқушылар да көзге түсті. Оқушылар әр тапсырмаға жылдам әрі тапқырлықпен жауап беріп отырды. Сабақ өте қызықты өтті. Сабақтан соң оқушылар өз топтарын бағалап, жеңіске жеткен топтар марапатталды. Пән мұғалімі: Абдильманова К.С. және тәлімгер Айтбаева Гүлназ.
4 Б сыныбында зерттеу сабағының алғашқы сабағы өтті.Сабақтың тақырыбы «Ағаш отырғызу». Зерттеу тобының құрамында: Қостанова С.С., Бекенова А.М., Абдильманова А.Е., Курмангожина А.С.Топ мүшелері зерттеу сұрағы мен зерттелелетін оқушыларды алдын ала бекітіп, жоспарланған болатын. Оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып, белсенділік танытып отырды.
Үшінші күні «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» айдарымен өткізілді. Бұл күні орыс сыныптары бойынша 10 Б мен 11 Б сыныптарының қатысуымен «Ой және ойын» (10-11-інші сыныптар - орыс сыныптары арасында өткізілген сайыс)
Мақсаты:Оқушыларды қазақ тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде , мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсіндіру.Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
21 ақпан күні 8.9,10,11 - сыныптар қазақ әдебиеті пәнінен ашық іс-шара өткізілді. Мұғалімдері : Тасенова А.Б. Катенова Б.К.
Біз көздеген негізгі мақсатымыз оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу болатын . Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамытуға бағытталды. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтанды. Сайыс екі команда арасында өтті.
Жүргізушілер сайыстың шарттарымен таныстырды сайысымыз 7 айналымнан тұрады.
Осы күні өткізілген екінші іс - шара “Миллион кімге бұйырады” интеллектуалдық ойыны.
Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру,тез ойлау және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.
Өткізген: Т.Б.Бегайдар, Ф.Ж.Әміржан
.
Жоспарға сай, 4 Б сыныбында зерттеу сабағының екінші сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы «Емен отырғызу». Зерттеу тобының құрамында: Қостанова С.С., Бекенова А.М., Абдильманова А.Е., Курмангожина А.С.Топ мүшелері зерттеу сұрағы мен зерттелелетін оқушыларды алдын ала бекітіп, жоспарланған болатын. Қостанова С.С. сабақты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, түрлі қарым - қатынасқа түсетіндей, диалог сабағы етіп құрастырды. Оқушылар сабақта жаңа сөздерді үйреніп, сөйлеу барысында қолданып, белсенділік танытып отырды. Бақылаушы мұғалімдер де сабақ соңында жекелеген оқушылардан сұхбат алды. Оқушы пікірі келесі сабақтарда ескерілетін болды.
Апталықтың төртінші күні «Қазақтың ән күй өнері» тақырымен ашылды. Бұл күн ерекше өтті деуге болады. Өнерге жақын мектеп ұжымының әр мүшесі өз өнерін ортаға салды. Әсем ән мен тәтті күй оқушыларға да, ұстаздарға да жақсы әсер сыйлады.
Тақырыбы: Ұстаздар мен оқушылар арасында «Күй тартысы» челленджі.
Мақсаты: Іс-шара білім алушыларды ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған. Балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету. Домбыра арқылы қазақ халқының болмысын дәріптеу және мәдени мұрасын сақтауды насихаттау.
Челлендждің міндеттері – білім алушылардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне қызығушылықтарын ояту, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, қазақ халқы аспаптарының дыбысталуы туралы білімдерін кеңейту, домбыраның сүйемелдеуімен музыка ойнаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.
Өткізген: Т.Б.Бегайдар, Ф. Ж.Әміржан
23ақпан күні қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері Катенова Б.К. Тасенова А.Б. 8"В",9 «В» сынып « Білгенге маржан» атты ашық сайыс өткізді. Сабақта оқушылыр қызықты тапсырмалармен танысып, түрлі шығармалардан көрініс құрап, өлеңдер, жұмақбақтар шешіп,мәнерлеп өлеңдер оқыды. Балалар мұғалімдердің түрлі сұрақтарына жауап берді. Сабақ соңында балалар қазылар алқасы қорытынды шығарды. .Сондай –ақ тапсырмалар балаларға өте пайдалы болды. Сабақ соңында мұғалімдер тарапынан белсене қатысқан оқушылар марапатқа иеленді.
22 ақпан күні 5«В» сынып оқушыларымен «Қызықты қазақ тілі әлемі атты» интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп, тапсырманы дұрыс орындауға баулу. Пән бойынша алған білімдерін ойын, мақал- мәтелдер арқылы жүзіге асыру, топпен жұмыс жасау арқылы оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге баулу.
Сайысқа 4 топ қатысты, әр топ үш оқушыдан құрылған. Топтың атаулары: «Жұлдыз», «Әлем», «Аспан», «Бірлік».
Сайыс төрт айналымнан тұрды. Бірінші айналым «Тездет, бірақ қателеспе»! қойылған сұрақтарға жауап беру. Екінші айналым «Мақал -мәтелдер -сөз мәйегі», берілген сурет арқылы мақалды табу. Үшінші айналым «Тапқыр болсаң, талас жоқ» антонимдерді табу. Төртінші айналым « Жеті жұрттың тілің біл» жұмбақ шешу.
Барлыс кезеңдерге оқушылар белсене қатысып, қызығушылық танытты. Әділ- қазылардың шешімі бойынша «Жұлдыз» тобы бірінші орынға иеленді
Апталықтың бесінші күні « Кітап – өмір ұстазы» атты тақырыппен өтті. Бұл күні мектеп оқушыларына «Балалар әдебиеті » көрмесі қойылды. Мектеп кітапханашылары оқушыларды жаңа кітаптармен таныстырды. Оқушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар өздері оқыған, сүйікті кітаптарымен, әсерлерімен бөлісті.
Осы күні жоспарлағандай , «Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін қалай үйреніп жүр?» тақырыбында сыр - сұхбат өткізілді. Кездесудің құрметті қонағы болып, Тарасова Милана Анатольевна шақырылды. Кешке қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің мүшелері мен 11 А сынып оқушылары әдеби кешке үлкен дайындықпен , жауапкершілікпен қарады. Оқушылар өлең шумақтарын оқып, әсем әндерімен көрермендерге жақсы көңіл - күй сыйлады.
26 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиетіне арналған апталықтың салтанатты жабылуы өтті. Барлық атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Мектеп директоры Такетов Ауелбек Дүйсенбекұлы апталық аясында өткен түрлі интелектуалдық сайыстарда білімімен, тапқырлығымен ерекшеленген және ән - жырымен , тамаша билерімен көзге түскен оқушыларды мараппаттады.