КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сүйіспеншілік –өмір негізі.

21.02.2020

Риясыз сүйіспеншілік –асыл құндылық.Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат.Адамның шынайылығы оның ақ ниеті,таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен көрінеді.Риясыз сүйіспеншілік марапат,сый талап етпейді.Риясыз сүйіспеншілік –адамға берілген сый. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету –әрбір адамның парызы. Әрбір адам өзіне , ата-анасына , Отанына , туған еліне сүіспеншілікпен қарайды.

     Мектебімізде оқушыларға  риясыз сүйіспеншілікпен өмірдің мәнді болатынын ұғындыру, адам өміріндегі махаббаттың маңызын түсіндіру мақсатында «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты ашық сынып сағаттары өткізілді.  Оқушылар сабақ барысында сүйіспеншілік түрлерін талдап,өз аналарына деген махаббатарын телефон арқылы білдірді. Әлемдегі барлық жақсылық сүйіспеншілік  арқылы келеді. Адам жүрегі сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік , қамқорлық, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.Сондықтан да біздің жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болу керек.

 

 

Просмотров: 814


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст