«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік «Жас шахматшы» турнирі

30.01.2020

Шахмат — ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

         «№1 Зеренді орта мектебі» КММ 2015-2016 оқу жылынан бастап аудан әкімінің қолдауымен шахмат үйірмесі жұмыс істеп келеді. Төрт жыл ішінде оқушыларымыз талай белестерге қол жетіп, аудандық жарыстарға қатысып жүлделі иелерге иеленіп, мектебіміз көшбасшы мектептердің қатарында деп айтуға болады. 18 қаңтар күні 2 сыныптар арасында «Жас шахматист» турнирі өтті. Турнирді ұйымдастырушы: Хвоинская А.А. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру және үздіктерді анықтау. Мектеп директоры Нуралин Н.М. оқушыларға саттілік тілеп, болашақта ұлы шахматист болулары үшін аянбай еңбек ету керек екендігін айтты. Қорытындылай келе 1 орын - Лученков Георгий 2 б сынып, 2 орын - Совет Рамазан 2 а сынып, 3 орын – Кемишев Абылай 2 а сынып оқушылары жүлделі орындарға иеленді.

 

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст