«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында»

20.01.2020

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазіргі кезеңдегі басты мәселелердің бірі – жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында», - деп атап көрсеткен болатын.

Сонымен бірге, «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген еді. Сондықтан да қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Жалпы білім беру ордаларындағы педагогикалық технологиялардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау немесе ой қозғай отырып, баланың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Ал мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты  саналы, тәрбиелі шәкірт  дайындау. Осы мақсатта сабақтарыма  «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын» көп пайдаланамын.

Топпен жұмыс жүргізу оқушылардың ұйымшыл, шығармашыл, жаңашыл, ізденімпаз қабілеттерін ашып, одан әрі дамытады. Оқушыларымның сабаққа деген  қызығушылықтары артып, белсенді бола бастағанын байқадым.

Әр сабағымды әркез жаңашыл тәсілдермен  өтуге тырысамын.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:

  • Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;
  • Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;
  • Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.
  • Негізі сабақтың үш құрылымын сақтаудан тұрады:
  • ой қозғау;
  • мағынаны ажырату;
  • ой толғаныс.

Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы – оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт белгілеуі, сенім көрсетуі, қолдауы және бағыт беріп көмектесуі қажет.

СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

Нәтижесінде:

  • оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;
  • жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;
  • бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;
  • жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;
  • ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады
  • Сыни ойлау сабағымның  құрылымдық формуласы 3 кезеңнен  тұрады:

1.Қызығушылығын ояту . Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Қызығушылығын ояту: Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, Бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру жатады.

2.Мағынаны таныту (мағынаны ажырату)  оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Мағынаны тану кезеңі: Т кестесі, Пікір — талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИКСО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастырудан тұрады.

3. Ой-толғаныс  Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.

Ой толғаныс кезеңі: Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, синкуэйн немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат т.б тұрады. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Сын тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни стратегияларында. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізіледі. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

Сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды  айтамын. Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру стандарты – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек, заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр ұстаздың міндеті.

«Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс. Сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»- деп көрсетілген Қазақстан Республикасы білімді дамыту тұжырымдамасында. Мен ұстаз ретінде әр баланы болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметімде басшылыққа аламын. Қазіргі жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін жан-жақты білім беру – ең басты міндетім.

Просмотров: 584


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст