"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің мектеп оқушысының біліктілік шахмат турниріне қатысуы

06.03.2023

2023 жылдың 18-19 ақпанында Көкшетау қаласында шахматтан 3-разряд үшін біліктілік турнирі өтті. Турнирге отыз шақты қатысушы қатысты, олар шахмат мектептерінде оқитын оқушылар (Көкшетау), сондай-ақ басқа елді мекендердің (Щучинск, т.б.) әуесқой шахматшылары. Жас шахматшылар арасында мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы,  Құлмағамбет Нұрым да болды. Мектептегі «Жас шахматшылар» шахмат клубының жүйелі түрде қатысуының арқасында Нұрым шахматтағы шеберлігін шыңдап, осы турнирде жақсы өнер көрсетті. Ол 3-ші разрядтың нормасын орындап қана қоймай, (шахматтан 3-ші разряд берілді), сонымен қатар құрметті 1-орынға ие болды! Жеңімпазды құттықтаймыз!!! Нұрымға зор денсаулық, шахматта жаңа жеңістер тілейміз!

Қосымша білім беру мұғалімі: Хвоинская А.А.

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст