«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көңілді математика

17.01.2017

Сабақтың тақырыбы :Көңілді математика

Сабақтың

мақсаты:1.Оқушылардың ой  өрісін  кеңейтіп, есте сақтау қаблеттерін шындау;білімге, пәнге деген қызығушылығын

артыру;

2.Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қаблеттерін дамыту;

3.Оқушыларды шапшандыққа,тапқырлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың типі: Ойын түрінде

Сабақтың жоспары:1.Топтың өзін таныстыруы.

2.«Бәйге»

3.Топтық жұмыс «Кім жылдам»

4.Топ басшылар сайысы «Біліміңді тексер»

5.Ойын «Хип-хоп»

6.Логикалық есептер.

7. «Сөз құрастыру»

8.Үй тапсырмасы«математика – мақал - мәтелде»

9. «Ән - шашу»

10.«Қателеспе» - ойын

11. Әр топ бір- біріне  жақсы тілектер айтады.

 

Жүргізуші:Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамын сіздерді .     

 

Олай болса,сайысымызды бастайық. Бүгінгі сайыста, топтар әр істеріңізге сәттілік.

 

1тур.  Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады)

2тур. «Ақыл азбайды, білім тозбайды» деп «Бәйге» сайысын бастайық. Әр топ бір минут ішінде 15 сұраққа жауап беру керек.Егер жауабын білмесе «келесі» деп жауап бересіздер.

3тур. «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» нақыл сөздерімен келесі сайысымыз «Кім жылдам» атты - топтық жұмысқакөшеміз Әр топ бірдей тапсырма алады. Жылдам әрі дұрыс 20 есепті шығарған топ жеңіске жетеді.

4тур. «Күш білімде, білім кітапта» дептоп басшылар сайысы «Біліміңді тексер» кезенін бастаймыз. Әр топ басшысына  бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманы дұрыс  және тез

орындағаны  жеңеді. Осы кезде топ мүшелеріне тапсырма беріледі.  (білім, оқу туралы мақал – мәтелдер

айтқызу.  Әр  дұрыс айтылған мақал - мәтел үшін бір ұпай  топ есесіне қосылып отырады.)

 

5тур.Ойын«Хип-хоп».Ойынның  шарты бойынша әр топ  1ден 30-ға дейін санаулары кажет. Бірінші топ тақ сандарды атамайды,оның орнына «хип» деп айтады, екінші топ  жұп сандарды атамайды ,орнына  «хоп» дейді.

 6.тур.«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»Логикалық есептер.

1.Үстелдің төрт бұрышы бар.Егер  бір бұрышын кесіп  тастаса,неше бұрыш қалады?  Жауабы: 5.

2.Екі аяғымен тұрған адамның салмағы 50кг,бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг ?   (50кг)

3.Адамның  10 қолында  неше саусақ?  (50)

4.Ел құлағы неше ?  (50)

5.Ең үлкен алма қайда өседі?  (ағашта)

6. Не ауыр 1кг темір жоқ әлде 1кг мақта ?  (тең)

7тур.«Сөз құрастыру». Әр топқа жеке тапсырма. Мына конверт ішіндегі әріптерден сөз құрастыру керек.

8тур. « Оқы да біл – ойна да күл» деп үй тапсырмасы «Ән-шашу» атты сайысымызды  бастайық

9тур. «Қателеспе» - ойын. Екі топқа бірдей тапсырма. 1-24 ке дейін сандарды атап көрсету.

10тур. Тілектерімен алмаласу

 

 

 Қосымша тапсырма.

Қазақ халқында қандай сандарды киел  деп атайды?   7,9,40  сандары қазақ  халқында киелі деп саналады. 

Осы  сандарға  байланысты  ұғымдар  аз емес.Қане ойланып көрейікші. Киелі  сандарға байланысты қандай

ұғымдар білесіңдер?  Мысалы , 7 санына байланысты ұғымдар. Олар  жеті күн, жеті нота ,жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, бүркіт, берен мылтық,жүйрік таз),  жеті ата (бала,әке,ата, баба, түп ата, тек ата), жеті қарақшы т.б.

 

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст