«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым !»

06.02.2017

Мерекелік ертеңгілік: «Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым !»

Ертеңгіліктің мақсаты: білімнің сара жолы мектептен

басталатынын, білімнің кең дүниеге, өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге

деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім

ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата- анасының

Отанының адал ұл- қызы болуға жетелеу, ақыл, ой- өрісін дамыту.

Өту барысы:

1.    

Музыкалық көрініс, вальс.

Ертеңгіліктің

басталуы:

Ж. Темірлан:

Армысыздар,

әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде

мереке аса мәнді.

Қуанып, зер

салайық, ей халайық!

Балғындарды

қошеметпен

Қарсы алайық!

М. Анеля:

Көз салып

қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін

өскен ойымызға,

Қош келіпсіз

ұстаздар, ата- аналар!

Бастауышпен

қоштасу тойымызға.

А. Диас:

Бүгін міне жақсы

күн жарқыраған,

Көңілдер

қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді

бастауышпен,

Қиындау болып

тұр- ау бүгін маған.

Тамерлан:

Толқимыз, толқып

тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй

болған сірә қаншаңызда

Қоштасаркүн де

келіпжеттіміне,

Қимастықпенқолбұлғаймызбаршаңызға!

Хор: «Бастауышым- балбұлағым»

Лео:

Өсті, міне,

бойымыз,

Өсті, міне, ойымыз,

Қуанышқа ортақпыз,

Бәрі бірге: Құтты болсын тойымыз!

/Жүргізушілер ортаға шығады: 4 оқушы/

Нұрислам: - Қайырлы күн, құрметті

көрермендер!

Әнель: - Армысыздар, қадірменді

қонақтар!

Дильназ: - Біз мектебіміздің,

сыныбымыздың ақырғы жаңалықтарымен бөліскіміз келіп отыр.

Таир: Дильназ , тез басташы сен бірінші болып.

Дильназ: - Қазір, қазір... Неден

бастасам екен? Міне, міне таптым. Сен білесің бе?

Нұрислам: - Мен білемін неден бастау

керек екенін! Ал сендер білесіңдер ме, біз 4 сынып аяқтағалы жатырмыз?

Жүргізушілер: -Рас па?

Нұрислам: Бұл маған бір түс сияқты. Анам

таңертең сөмкемді жинап жатып, бір оқулықты құлатып алды. Көтеріп жатып

қарасам, сыртында 4 сынып деп жазылып тұр. Мен сондай қуанып кеттім, өйткені

мен қолыма кітапты соңғы рет алғанда онда 1 сынып деп жазулы тұрған.

Әнель: Ал мен бұл жаңалыққа ренжіп тұрмын.

Дильназ: Неге?

Әнель: -Оқулықта 11 сынып деп жазылып тұрса жақсы болар еді.

Әйтпесе, ата- анам менімен әлі де көп қиналады ғой.

Таир: -Ия, дұрыс айтасың. Менің ата- анам да бесікте жатқан

кезімді көп естеріне алады.

Нұрислам: -Бұл жаңалығың жақсы екен.

Сенің тағы айтатының бар ма?

Таир:- Жоқ.

Әнель: - Сонымен бүгін бізде үлкен қуаныш. Біз білім бастауы

бастауышпен қоштасқалы отырмыз.

Би: «Джанбо» ұлдар

Нұрислам: Адам

қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас

сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар.

Әнель:Мектеп-білім

айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын

тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз.

Дильназ:Алғашқыда

мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып 

үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды

білмейтін  кішкентай балалар бүгін міне, орта

буынға жолдама алғалы тұр. 


Таир:Дұрыс айтасың, бұл мектептен қаншама

адам білім алған. Менің ағамда, апамда, менде осы мектептен білім алудамын. Олай

болса мектебімізге арналған әнімізді шырқайық.

Әділбек:

Ұлылықты ардақ

тұтар үнемі

Алтын ұя, ақ босаға

киелі.

Бастауышта білім

алған өзіңнен

Күллі шәкірт саған

басын иеді

А. Дильназ:

Армысың сен, алтын

ұя мектебім

Саған айтар жыр-

алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан

білім шырағын,

Мектебіме арналады

бұл әнім!

Ән: «Алтын ұя- мектебім» Дамежан Талгатовна және Арайлым

Нұрислам:  Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай алғаш қолымызға қалам ұстатып,

оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім

нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені белгілі. 

Әнель: Әр шәкіртін баласынан  кем  көрмей

оқуға, жазуғаүйреткен ұстаз еңбегі шексіз. Мұғалім мектептің жүрегі, - деп бекерайтпаған.

Дильназ:Дұрыс айтасың. Ғылым иесі ғылымда,

ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында, тегеуіріні күшті жұмысшыда,

көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі, бәрі ұстаздан тәлім алады.

Таир:Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз:

Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекшісін де ұстаз өсіреді деген

екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнайық.

Б. Анель:-Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз.

Сөздеріңізді ықылас қоя тыңдап, зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Әрбір пән

мұғаліміне біздерге жан- жақты білім бергені үшін алғысымыз шексіз.

Балжан:

Әлемде бар талай

тіл,

Үйренуге құмармын.

Орыс тілі- қажет

тіл,

Тез үйреніп

алармын.

Ернар:

Орысша оқып жаза

алдық,

Ертегі тыңдап

қадалдық.

Күлбаршын апай

үйреткен,

Қайдан шыққан

адалдық

Мадина:

Вы научили нас не только правилам.

И знаем мы не только орфографию.

Вы научили нас красиво говорить,

Чтобы невежами в народе не прослыть.

Расул:

За

Ваш труд настоящий, исполинский

Благодарим всем классом мы сейчас.

И в этот день торжественный и великолепный

Спешим поздравить Вас сегодня и сейчас.

Аяулым:

Баулыған әрбір

өренді,

Ильфат ағай өнерлі

Әсем әннің шебері,

Әрбір сөзі мәнерлі

Олжас:

Қызықтырып ән- күйге,

Бізді үйретіп

келеді.

Мінезі сондай

сабырлы,

Сізге ұқсағымыз

келеді.

О. Диас:

Дене

шынықтыру сабағы мектептің

Денемізге

саулықты сепкен кім?

Бекмұрат

ағай бас иеміз сізге де,

Жүгіруді

талмай бізге үйреткен.

Аружан:

Сөз

сөйлесе жарқын- ақ,

Күніміздей

жарқырап.

Қызық

өтіп сабағы.

Ағылшын

тілге үйретеді,

Біздермен

ойнап күледі,

Сырымызды

біледі

Арай

апай қашан да,

Қамқор

болып жүреді

М. Дильназ өз өнерін көрсетеді

 

Нұрислам: «Ұстазға бауыр басқанбыз айналып мектеп

үйіне »,- дей келе

 4 жыл бойы оқу дәрісін сусындатқан

ұстаздарымызға жыр шашуын шашайық.

Ән: «Ұстазым» Айбын

Нұрислам:

Жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырған ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып,

тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі сол ата-аналарымыздың арқасы. 

Әнель: Құрметті

біздің әкелер мен аналар! Естеріңізде ме бірінші сыныпта үй жұмысын қалай бірге

орындағанымыз? Ал, балаларыңыз ер жетіп, өздігінен жұмыс істей алады. Сіздерге

де бас иіп алғысымызды айтамыз.

Әзімхан:

Әкелерді құрметтеп,

Сүйеміз шын

жүректен.

Әке асқар  тауымыз,

Көңілдерге гүл

еккен.

Жансая:

Өсіреді сананы

Тура жолға салады.

Әкелерге мың алғыс

Әлпештеген баланы.

Сымбат:

Ойында мейірім, ақ

тілек,

Бойында ақ сүт,

тәтті леп.

Анадай пейіл қайда

бар,

Бәріне тұрған бақ

тілеп.

 Зарина

Арадай балын

жиятын,

Ақылы дария құятын.

Ана көңілі

кеңістік,

Бүкіл әлем сиятын.

Ән «Мен бақытты баламын »

қыздардың орындауында

Дильназ : сынып оқушылары мен

ата- аналары өмірінен көріністер.

«Есеп».

Олжас:

Әке,

кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

А. Диас: Не дейді? Мүмкін  емес!

Олжас: Ашуланбай- ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.

«Ең қиын сұрақ»

К. Темірлан: Мама, мен бүгін бүкіл

сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Дана: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

К. Темірлан: Сынып бөлмесінің терезесін

Кім сындырды

деген сұраққа…

 

«Емтихан»

Әзімхан: Балам, кешегі емтиханды  қалайтапсырдың?

Лео: Жақсы тапсыған шығармын.

Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.

Әзімхан : Жарайсың балам,

өзіме ұқсаған екенсің.

*******

Ернар: - Анашым,

дастархандағы үлкеееен торт ағама ма?

Балжан: - Жоқ, саған.

Ернар: - Неге

кішкеееентай-ақ?

******

Ән: «Әй-әй бөпем» Марал Дүйсембаевна және Қ.

Анель

 

Жеңіс:

Абзал

жан бар биік тұлға , байсалды,

Құшақ

жая шәкірттерді қарсы алады.

Бүгіндей

салтанатты шақта бір,

Құттықтайды

мектеп басшысы баршаңды

Таир: құттықтау сөз

мектеп директорына беріледі.

Нұрислам:

Арғымақтай

қолына алып бас жібін,

Кеудеге

тақтың азаматтың ақ гүлін.

Ұрпақтар

үшін айнымас заңға айналған

/Диплом

тапсыру дәстүрі/

Бастайық

енді құжат беру дәстүрін- деп, бастауыш бітірушілерге диплом табысталады.

Би қыздар

«Кукарелла»

Дана:

Тойымызға

бүгінгі,

Ақ

тілегін арқалап.

Келді

ата- анамыз.

Кезек

беріп соларға

Сөзіне

құлақ саламыз- деп құттықтау сөзін ата- аналарға береміз.

Бекайдар:

Біздің

сыныптар ерекше,

Тату-

тәтті , зерек те.

Көп

іскер де, шебер де,

Оқу

еңбек өнер де.

Болып

мектеп озаты

Біздің

сыныптар озады.

Ержан:

Бар

білгенін аямаған,

Өз

гүлін де аялаған.

Мың

рахмет ұстаздарға,

Қамқор

әкем , аяулы анам

Төрт

жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған

ақ тілекпен

Таир:

Жетекші

боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді

ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер

тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге

арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз !

Ұстаздар

құтықтайды

Әнель: Білім алуға, үлкенді

сыйлауға, Отанды қорғауға, тіліміз бен салт- дәстүрімізді сақтауға

Нұрислам: Мәдениетті сақтауға,

үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге

Барлығы: АНТ

ЕТЕМІЗ!/3 рет/

Ән: «Бақытты балалық шақ»

Просмотров: 568


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст