«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан -Отаным»

15.12.2017

Тақырыбы: Қазақстан – Отаным!

Мақсаты: І.Оқушылардың Отан туралы білімдерін толықтыру. Елтаңба, Ту,

Әнұран туралы түсініктерін нығайту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет

етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының

тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта,

мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер, слайд

Тәрбие сағатының барысы:

«Шаттық » шеңбер:

Бір шаңырақ астында,

Қазақстанда тұрамыз.

Бірге сайран құрамыз,

Бір үйде біз тұрамыз.

Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»

Назерке: Отан дегеніміз- адамның

туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен.

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.

Азамат: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері

өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та,

қарат та кездеседі.

Мухаммад:Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.

Алияна: Отаным менің кең- байтақ,

әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы

ешуақытта соғыс тілемейді  

-Өте жақсы. Кім Отан туралы тақпақ айтып береді?  

Мадина:     Отан дейміз- өсірген елімізді.
                      Отан дейміз –. дейміз –от жаққан жерімізді,
                      Отан дейм  туған жер, атамекен-
                   Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Әсем:                Отан дейміз- кең байтақ астананы,

                             Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,

                            Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

                              Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

-        Балалар! Қазақстан – бәріміздің Отанымымыз. Біз

Қазақстанның өсіп келе жатқан ұландарымыз.

Тамирлан:   Осы ҚР-ның жас ұланы екенімді

мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп, ертеңгі азаматы болу үшін білім

аламын, еңбек етемін.   Хор: «Ұланымын Отанның»

- Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келеді.

1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?

 2. Қазақстанның астанасы қай қала?

Нұрислам

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.


3. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?

4.Ал,сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың

есімін білесіңдер ме?

 

Інжу

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

Ойын: «Танып, біл»

6. Рәміздерге нелер жатады?

- Еңселі Елтаңба.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен

Шота Аман Уәлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.

Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының

Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан

жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің

Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін

көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты

тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін

жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың

атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

  Алинур

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің, белгісі.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы

Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік

төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы

сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген.

Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын,

қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік

сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

   Жасмин

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды.

  Айлин

Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейді.

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз.

Ойын: «Қазақстан жалауы»

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

     Аңсар

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,

қастерлеуіміз керек.   Сонымен балалар Қазақстан көпұлтты,бейбіт, құқықты,жасампаз

ел болды.

 Самира         Отаным менің Қазақстан

                         Атыңнан сенің айналам

                          Бас иіп саған өтемін

                          Жасай бер жаса

Қазақстан.


Айқыз          

         Туған жер асыл өлке Қазақстан,

         Отаным ұлан-байтақ ғажапстан.

         Өзіңдейт тату-тәтті ел жоқ шығар,

         Қазағым жаралғансың асыл тастан.

Мұғалім:

·        

-Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?

  Ержан

Туған жер - тұғырың

Туған ел - қыдырың.

·        

 Нұрасыл

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

·        

Арсен

Туған жер – алтын бесік.

 Мейрлан

Туған жердің топырағы да ыстық.

Аймұхаммед

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

Ақнұр

Отан – оттан да ыстық.

-Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің

болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер.   Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты

азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз

елдің азаматтары!

Просмотров: 759


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст