«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік - ел тірегі

20.12.2019

Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні халқымыздың сан ғасырлар бойы азаматтық жолындағы, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, жиырма жылға толмайтын мерзімде жеткен жетістіктеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. Бұл - тойланатын барлық мерекенің негізгісі.

            Мінеки, ел болып тізгінді қолға алғанымызға, өз қолымыз өз аузымызға жетіп, ес жиіп, етек жапқалы да 28 жылдың жүзі болып отыр. Осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық, саяси, қауіпсіздік, тіпті жиһандық мәселелерде өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, егемен мемлекет бола алатынымызды барлық қырынан айқындап, мойындаттық. Тәуелсіздікдіктен бергі қазақтың жеке мемлекет ретіндегі 28 – ші жылы да тарихтың терең қойнауына, кәрі тарихтың құшағына сіңіп барады. Бұл күннің ұлылығын, қасиетін жас ұрпаққа жеткізу, барлығымыздың міндетіміз.

         Еліміздің егемендік мерекесі қарсаңында мектебімізде де бір қатар іс-шаралар өткізілді. Әр сыныпта тәуелсіздікке қол жеткізу үшін басымыздан

кешкен  қиыншылықтарды  атап өту, тарихымызды білмей болашақтың бұлыңғыр болытынын дәріптеу мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді.

 

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст