27.02.2019ж мектеп ұжымының жиналысы кезінде, мектеп директоры тарапынан төтенше жағдай кезінде балаларды мектептен алып шығудың жолдарын білу міндеті қойылды.
28.02.2019ж сынып жетекшілері, дене шынықтыру пән мұғалімдері мен АӘД ұйымдастырушысы сабақ кезінде нұсқауды жүргізіп, балаларды шығарудың бағыттары мен қосымша шығу жолдары көрсетілді.
28.02.2019ж сағат 13.30-да «Назар аудар, өрт дабылы» белгісі берілді.
Пән мұғалімдері балаларды сынып ішінде сапқа тұрғызып, жақын жердегі жақын есік арқылы мектептен шығарды. Мұғалімдер арасынан балаларды тез және қауіпсіз шығуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін күзетшілік бекеттері тағайындалды.
Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері А Қ штабының орынбасарына балалардың саны жөнінде баяндаса, А Қ штабының орынбасары өз кезегінде АҚ штабының басшысына балалармен тех.ұжымның саны туралы рапорт берді.
Мектеп директоры төтенше жағдай кезінде қызметкерлер мен оқушылардың бірлесе әрекет етуі қажет екенін атап өтті.
Сағат 13.50-де мектеп сабақ кестесіне сәйкес оқу үрдісін жалғастырды.