2019 жылдың 14 мен 18 қаңтары аралығында №1ЗОМ КММ дене шынықтыру және спорт, технология, музыка, АӘД пәндері ӘБ апталығы болып өтті. Пәндер апталығының өткізілуі мен ұйымдастырылуына 4-11 сынып оқушылары қатысты. Негізгі жүктеме жоғары сынып оқушыларында болды. Пәнге деген аса үлкен қызығушылықтарын көрсеткен параллель сыныптардан оқушылар тобы құрылды. Бұл топтарға осы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер жетекшілік жасады. Әрбірінің міндетіне сыныптан тыс іс-шара мен шығармашылық көрмені ұйымдастыру және оны өткізу жүктелді.
Пән апталығының аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
Салауатты өмір салтын насихаттаудың жолы - бұл дене шынықтыру және спортпен шұғылдану. Біздің мемлекетте және облыста бұған көп көңіл бөлінетінін атап өткен жөн.
Егер ой еңбегін физикалық еңбекпен араластырып отырса, онда жұмыста жақсы нәтижеге жетуге болады.
Бәсекелестік пен салауатты өмір салтының өр рухы зор орын алған барлық спорттық шараларға оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты.
Технология
Мұндай іс-шараларды өткізу барысында балалар өз жұмыстарының нәтижесін көреді. Бұл өз кезегінде оқушылардың шығармашылық тұлға ретінде дамып, қабілеттерінің артуына және технология пәнін қызығушылықпен оқуына септігін тигізді.
АӘД және музыка
Оқушыларды өз Отанына сүйіспеншілік пен патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында саптық әндер байқауы өткізілді. Сонымен қатар, оқушылар өз білімдерін бейне фильмдер мен әскери әндер тарихын білуде сынады.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру қазіргі заман мектептері алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Патриоттық тәрбие астарында оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігінің оянуы мен қалыптасуы, оны қорғауға дайындық ұғымы бар. Сонымен бірге, патриоттық тәрбие бұл оқушының өз елі мен халқы үшін мақтаныш сезімінің қалыптасуы, оның тарих беттері мен ұлы істеріне құрметпен қарауын қалыптастыратын үлкен жұмыс.
Апталық салтанатты сап түзеу және өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларды марапаттаумен аяқталды.