Текст
АӘ және ТД ұйымдастырушы-мұғалім келесі жұмыстарды жүргізді:
20.10.2021ж. терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша мұғалімдер мен мектептің қызмет көрсетуші персоналына нұсқаулық өткізілді. Осы Нұсқаулық білім беру мекемесі қызметкерлерінің білім беру мекемесіне қатысты террористік актілер мен ниеттерді жүзеге асыру ықтималдығын төмендететін шаралар мен ережелердің құрамын анықтайды. Осы нұсқаулықтың талаптарын зерделеу және орындау ұйымшылдық пен қырағылықты, төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға әзірлікті арттырады, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтады.