Мектебіміздің мақтанышы!

08.12.2025

Мектебіміз Акмола облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған КВН Жастар лигасының 1/4 финалында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өздерінің тапқырлығын, бірлігін және шығармашылық қабілеттерін танытты.

Команда мүшелерінің әрқайсысы ортақ жеңіске өз үлестерін қосып, мектебіміздің намысын лайықты қорғады.

Біздің ерекше қуанышымыз — «Үздік актриса» номинациясы бойынша марапатқа ие болған Даулет Айзере! Бұл — оның таланты мен еңбегінің жоғары бағалануы.

Айзерені  және КВН командасының барлық қатысушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, тың идеялар және жарқын жеңістер тілейміз! 

Просмотров: 1385


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу