«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ білім беру ұйымының аға тәлімгерінің (жұмыс жүргізу тілдері қазақша және орысша) бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

16.10.2024

Мекеменің орналасқан мекен жайы:

       «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №1 ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Чапаев көшесі 43, тел: 8 (716-32) 21-4-63

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері: балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді; білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді; балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады; ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады; балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді; білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды; білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді; балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады; білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды; каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады; білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады; "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.; балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді; өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының , Қазақстан Конституциясы Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері; педагогикалық этиканың нормалары; тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ хабарлама жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

  1. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін 

құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  1. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған 

электронды құжат (идентификация үшін);

  1. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты 

тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  1. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға 

қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  2. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын 

бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)  Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-    модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)

10)    11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.  

Қажетті ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Чапаев көшесі 43, тел: 8 (716-32) 21-4-63, эл. мекенжай: zerendaschool1@mail.kz

Просмотров: 50


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст