«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 17 қарашасында шыққан №270 бұйрығының негізінде және мектептің 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сай 2021 жылдың 26 қарашасы күні 8-11 сынып оқушыларының арасында мектепішілік пәндер олимпиадасы өтті. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; математика; физика; география; биология; химия; Қазақстан тарихы, жалпы алғанда 9 пәннен болды. Қазақ тілінде білім алатын оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; математика; информатика; география; химия; биология; Қазақстан тарихы – 9 пәннен, орыс тілінде оқитын оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті; математика; физика; информатика; география; химия; биология; Қазақстан тарихы – 8 пәннен олимпиадада өз білімдерін сынады. Олимпиадаға қатысамын деп арыз берген 73 оқушының 17-сі карантинге шығарылғандықтан олимпиадаға қатыса алмады, ал 56 оқушы олимпиадада берілген тапсырмаларды толық орындады.
Мектеп директорының оқу-
әдістемелік жұмысының орынбасары С.А. Кенжебаев