Зеренді ауданының жастарымен, №1 және №2 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен кездесу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығы туралы диалог өткізілді. Іс-шараның спикері Ақмола облысындағы "Жаңару "сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс" республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы директорының орынбасары Спильный Даниил Андреевич болды.
Даниил Андреевич жастардың адал және ашық қоғамды қалыптастырудағы рөліне назар аударды. Өзекті мәселелерді талқылай отырып, қатысушылар әркім әділ ортаны құруға қалай үлес қоса алатыны туралы пікір алмасты.
Бұл кездесу жастардың сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы хабардарлығын арттыруға және олардың осы мәселелерді шешуге белсенді қатысуына маңызды қадам болды деп санаймыз.