«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№1 Зеренді орта мектебінің 1-11 сыныптар арасында өткен Х мектепішілік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

2019 жылдың 26 сәуірі күні «№1 Зеренді орта мектебінде» жылда жүргізілетін мектепішілік «Ғылымға алғашқы қадам» атты оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы ойдағыдай өтті.

 Конференцияның мақсаты – талантты, дарынды  балаларды анықтау және қолдау, мектеп мұғалімдерін олармен жұмыс жүргізуге тарту, оқушылардың ғылым салаларындағы ізденіс жұмыстарын жандандыру мен ғылыми көзқарастарын дамыту.  

                Биыл конференция оныншы рет өтті. Мектептің ғылыми форумында 1-11 сыныптардың жас ғалымдарды қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай 1- 4 сыныптар, 5-7 сыныптар, 8-11 сыныптар болды. Олар жеке жүргізілген авторлық жұмыстар мен қатар топтық жұмыстарды алға тартты. Ерекше белсенділікті бастауыш сыныптардан шыққандар көрсетті.

                Конференцияның құрметті қонақтары ретінде біздің аудан мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары шақырылды. Әділқазы алқасының құрамына АОО, Ортағаш және Краснокордон негізгі мектептерінің өкілдері кірді. Конференция форматында физика, астрономия, медицина, орыс тілі мен әдебиеті, этномәдениетті зерттеулер секцияларының ғылыми жобалары қорғалды. Оқушылар экспонаттар мен модельдер көрмесінде өз жұмыстарын көрсетті.

              Конференция қорытындысы бойынша әділқазы алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді мадақтамалармен марапаттады. Жас ғалымдарға конференцияға қатысқаны туралы сертификаттар табыс етілді. Ата – аналар сыйлықтар сыйлады.  Мектеп әкімшілігі атынан, өткен жылдары облыстық, республикалық ғылыми жобалар байқауларында оқушылары жоғарғы жетістіктерге жеткен ғылыми жоба жетекшілері Курмангожина А.Е., Калина Ж.Б., Қасымова М.Ж., Ергожина А.С., Абдильманова А.К. алғыс хаттармен мараптталды.

              Технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Тулегенов А.Қ. оқушылар мен мұғалімдер арасында өткен КММ «№1 Зеренді орта мектебі» оқушыларының «Дарын» ғылыми қоғамының ең жақсы эмблемасы байқауының «Гран-при» жүлдесін иеленді және дипломмен марапатталды.

              

                Ғылыми – практикалық конференцияға қатысу – бұл болашақтағы елеулі ғылыми жұмыстарға деген алғашқы қадам, отандық ғылымның дамуына қосқан өте кішкентай үлес болса да, жас ұрпақтың дамуындағы маңызды жағдай.   

Конференция қорытындысы:

Әділ қазылар, жүлделі орынға ие болған (І-ІІІ) оқушылардың ғылыми жобаларын аудандық, облыстық, қашықтық ғылыми жобалар байқауына жіберулеріне ұсыныс жасады.   

 

1-11 сыныптар оқушыларының арасында өткен Х мектепішілік ғылыми-практикалық конференцияның

        жеңімпаздары, жүлдегерлері, әділ қазылары мен жоба жетекшілері. 26.04.2019ж. №1 ЗОМ. 

 

                                       Итоги работы НОУ «Дарын» за девять лет

 

Қорытынды:

Конференция жоспар бойынша ұйымшыл түрде өтті. Оқушылар өздерінің шығармашылдық қабілеттерін,  ораторлық шеберліктерін, жақсы дайындық деңгейлерін көрсетті. Жұмыстар ғылыми жобаларды жүргізу тәртібіне сай жоспарланған. Жоба материалдарының көрмесі түрлі-түсті және мазмұнды болды.  

 

Ұсыныстар:

  1. Бірінші және жүлделі орын алған жобалар аудандық ғылыми жобалар байқауына қатысу үшін, аудандық білім бөліміне жіберілсін.
  2. Конференцияда сертификат алған барлық жобалар, өздерінің тілектері бойынша әр түрлі қашықтық және басқа да ғылыми жобалар байқауларына қатысуларына болады.

 

       Директордың оқу-әдістемелік жұмысының орынбасары                                                        Кенжебаев С.А.

   

       26.04.19ж.                  

 

Жаңартылған күні: 27.05.2019 12:25
Құрылған күні: 27.05.2019 12:25

Текст