«Ақынын құрметтеген ел озады,
Ақынын сыйламаған ел тозады».
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. «Жаңғыру» атаулыға бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіспіз. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан түсінік бере алмаса, ол бағдарламаның шартынан орын алмағаны. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Рухани жаңғыру аясында 2019 жылдың 25 сәуір күні №1 Зеренді орта мектебінде ауданымыздың ақыны Күләш Сәбікенқызы Рақымжановамен «Сыр-сұхбат» атты кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты - оқушыларға ақын апамыз Күләш Сәбікенқызы Рақымжанованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармашылығын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау; ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу;оқушыларға поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.Кейіпкеріміздің өмірдегі шынайы,қарапайым болмысын оқушылардың көкейлерінде жүрген түрлі сауалдармен ашу.
Қонағын құдайындай күткен халықпыз ғой,апайымызды, мектебіміздің кіреберісінен бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары «жанды дәлізбен», «Қош келдіңіз!» ұранымен, ал мектебіміздің ақсақалы Сейілбек Әміржанұлы Кенжебаев жылы шыраймен және гүлшоғымен, қарсы алып,төрге шығарды.
«Поэзия – әйелдей жұмбақ әлем,
Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем:
Жаны – тұнған тұңғиық тереңдік те,
Қимылы – ырғақ, әуен.
Поэзия арудай құпиясын
Ұқтырар жылдап әрең...» деп Фариза апамыз жырлағандай, ауданымыздың мақтанышы,жалпы 27 аудандық облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлдегер атанған. «Ш.Уалихановтың 150 жылдығына» арналған айтысында төс белгісімен, «Ақан Серінің 150 жылдығына» арнап қойған «Балқадиша» спектаклі ушін/1994 жыл/, «Ассамблеяның 20 жылдығына», «Жергілікті билеуші органдарының 100 жылдығына» арналған,«Зерендінің 80 жылдығына» арналған медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің атынан алған алғыс хаты бар/Астана қаласы 2015 жыл сәуір/.«Әнім сенсің туған жер», «Қиянат» т.б. атты кітаптарының авторы, ақын, «Балқадиша» ардагерлер тобын ұйымдастырушы, «Ақдариға» фольклорлық әжелер тобын құрушысы, Аудандық аналар кеңесінің төрайымы, Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Күләш Сәбікенқызы №1 Зеренді орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары және ұстаздарымен кездесті.
Кездесуіміз Рухани жаңғыру аясында дәстүрлі емес «Сыр сұхбат» бағдарламасы бойынша креативті, жақсы ұйымдасқан, қызықты түрде өтті. Кешегі қазақтың кемеңгер, ғажайып ұлы тұлғалары, өлеңнің хас шеберлерінің ізін жалғаған Күләш апайымыз елімізді, жерімізді мөлдір судай сылдырап аққан сырға толы жырларымен сусындатып келеді. Ақын апамыздың өлеңдерімен сусындап жүрген оқушыларымыздың бірқатары кездесуіміздің «Поэзия минуты» бөлімінде ақын өлеңдерін оқыды. Олар:
1. 3 «Ә» сынып оқушысы Тілеубаев Мейрам «Мен жастарға сенемін»
2. 3 «А» сынып оқушысы Искакова Аружан «Батырлығы Мәліктің ұрпаққа үлгі».
3. 3 «Г» сынып оқушысы Мусаева Томирис «Ардагер аналарға арнау»
Шығыстың ұлы шайыры: «Ақындары әкімдерін іздесе, ондай елдің маңдай соры бес елі, әкімдері ақындарын іздесе, бақыт нұрын кешеді» десе, атақты Наполеон Бонапарт: «Феодализмді құртқан зеңбірек, адамзат пен қоғамның ендігі тағдыры қаламға байланысты. Қаламнан қуатты қару жоқ. Әлемді билейтін- сөз, сөзді билейтін - ақын» деген екен. «Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады» дейді. Сонымен қатар ақын өмірінен бір үзік сыр шертер бейнесюжет көрсетілді. Бейнесюжет көрсетілгеннен кейін ақын өміріне қызығушылық танытқан оқушылар өз сұрақтарын қойып, қызықты жауаптар алды.
Осы сәтте оқушылар менен Күләш Сәбікенқызың арасында сұрақ-жауап басталып кетті.
Ал енді, оқушыларымыздың сұрақтарына кезек берсек:
1. Балалық арманыңыз қандай болды және сіз қандай бала болдыңыз? Неше ағайындыларсыз?
-Менің балалық арманым жақсы,білімді болу. Соғыстан кейін туған балалардың балалығы бірдей шығар,ата әженің қолында ерке, өжет, қияңқы, еркек мінезді болып өстім. Біз он бір ағайындымыз, мен ортаңшысымын.
2. Сіздің әншілік өнеріңіздің бар екені баршаға белгілі, осы керемет өнеріңізден басқа мамандыққа ауысуға не себеп болды?
-Менің жауыпты,өнер адамы,жұмысқа берілген адам болғандықтан нарық кезінде Аудандық мәдениет үйінің басшысы қызметіне шақырылдым.
3. Жалпы өнер қанмен берілетін қасиет қой, сізге осы қасиет кімнен дарыған? Ата аналарыңыз жайлы айтып өтсеңіз
-Керемет сұрақ, бұл қасиет атам Мұғжан, әкемнен және нағашы аталарымнан да дарыған деп айтуға болады.
4.Қандай музыкалық аспаптарда ойнай аласыз?
-Мен тек қана домбырада ойнай аламын
Жүргізуші: 1 тапсырма-Ендеше, мына қасиетті домбыраны қолыңызға алып, бізге бір ән орындап берсеңіз.
5. -Бос уақытыңызда немен айналысасыз?Хоббиіңіз не?
-Жалпы мен қазір жалғыз тұрып жатсам да,бос уақытым жоқ,жұмысқа барамын, дайындыққа барымын,өлең жазамын, кітап оқимын.Ал хоббиім-іс тігу,құрақ құрау, тәтті тағам пісіру.
6.- Өмірдегі ең қуанышты сәтіңізді айтып беріңізші.
- Ананың басты қуанышы бала-шағаның амандығы, жетістіктері болса керек. Өмірдегі ең қуанышты сәтім ол балаларым, солармен жүздесу, немерелеріммен өткізген күндерім.
7. «Рухани жаңғыру» дегенді сіз қалай түсінесіз?
-Ал, сендер, қалай түсінесіңдер? Менің түсінігім бойынша Елбасының Рухани бағдарламасы қоғамдағы салт-дәстүрді, қазақтың өткен өмірінен ұмыт болып бара жатқан ұлттық мұралардың жаңғыруы деп білемін. бағдарламасы қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған. Яғни, сіз бен біздің көзқарасымыз да, әрекетіміз де, жаңаша іс болуы қазақтың ұлттық шамамыз келгенше жастар бойына сіңіре алсақ болашаққа дан көзбен қарап, отырып ел үшін адал қызмет жасап отырсақ, Қазақстан әлемінің озық 30 елінің құрамына кіре алады. Бағдарламаның түпкі мақсаты осы.
8. Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
-Менің өмірлік ұстанымым-шындық, шынайы адалдықты, көпшілдік, Отан сүйгіш болу деп түсінемін.
9. Атыңызды кім және неге Күләш деп қойған?Өзіңізге ұнай ма?
-Атам қойған, Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүниежүзіне танылған қайталанбас дарын иесі ғой,сол кісі сияқты әнші болсын деп қойған,есімім өзіме ұнайды.
10. Өзіңізге қандай баға бересіз?
-Мен өз өзіме баға бере алмаймын,баға беруші ол менің халқым,халқым менің туындыларымды оқып,әндерімді айтып,спектаклімді көріп қажеттілігіне жаратып жатса сол маған жоғары баға.
11. Абайсыз қазақтың рухани жаңғыруы мүмкін бе?
-Мемлекет басшысы білімнің салтанат құруы, прогматизм, сананың ашықтығы, ұлттық кодтың маңызын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсетті. Ал, руханилық Абай философиялық идеясының негізгі мәселесі. Ақын философиясындағы руханилық категориясы адам болудың әмбебап өлшемі және жеке адам мәдениеті ретінде негізделеді, оның жалпы адамдық мәніне жалпылық сипат береді. Ендеше, Абайдың өмірге деген көзқарасын танып, рухани мұрасының парқын түсіну арқылы рухани жаңғырудың маңызын түсенесіз.
Нағыз жаңғыру – Абай. Абайсыз рухани жаңғыру – мүмкін емес. Ендеше, Абайдың рухани мұрасын танып, оның көрсеткен бағыт-бағдарымен жүрсек жаңылмаймыз..
2 тапсырмаға да кезек келген секілді, сізді «Абай оқулары»деген батлға шақырамыз. Абай данамыздың өлеңдерін жатқа айтып «Абай оқуларының» байқауының жүлдегері Мусаева Томириспен айтысып көрсеңіз қайтеді?
12. Сіздің сүйіп оқитын кітабыңыз? Бізге қандай кітап окуға кеңес берер едіңіз?
Біздер бала күнімізден кешкі шамның сәулесімен жиналған үлкендерге «Ертарғын», «Қобыланды батыр», «Ақжүніс» дастандарын дауыстап түннің ортасына дейін оқып беретінбіз. Өзім тарихи кітаптарды көп оқимын. Сендерге туған елдеріңнің тарихы жайлы кітаптар оқуға кеңес берер едім
13. Сіз қай ақынға еліктеп өстіңіз?
-Ұлы АбайЕсенберлин, Фариза апамыздың кітаптары, Омар Хаянды сүйіп оқимын.
14. Әйел бақыты дегенді қалай түсінесіз?
-Әйел бақыты бала-шағасының саулығы, елін азамат болып қызмет жасауы, олардың жақсылығын көру және халқының алдында бағалы болса осы бақыт. Әйел бақыты – қосағыңмен бірге ағарып, ана деген аяулы сезімді өне бойыңнан сезіну. Заман ағымы жеке тұлға ретінде өзіңді қалыптастыруға ат салыса отырып, сүйікті ісімен де шұғылдануды талап етеді. Нағыз әйел бақыты сүйген жаныңызға үйленіп отбасын құрып, сәби алып келсеңіз нағыз бақыт сол емес пе,ал немере сүю-жоғары махаббат,ал шөбере қолынан су ішу-нағыз бақыт шыны деп есептеймін
15. Адам бойындағы қандай қасиетті жоғары бағалайсыз?
-Мен Адамгершілік қасиетті жоғары бағалаймын! Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Адамгершілік — адамның рухани арқауы.
Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын,биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Сонан соң, Ұлтжандылық, отансүйгіштік - әрбір адамға керек қасиет. Адам бойында бұл қасиеттер болмаса, елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы болу мүмкін емес.Ұлтжандылық дегеніміз - өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау.
16. Сіз өлең жазуды неше жастан бастап жаза бастадыңыз?
- Мен өлеңді 7- сыныптан бастап жаза бастадым. Алғашқы тақпақ ұстазға арналған. Ол тақпақ «Ұстазым» деп аталды.
3 тапсырма. «Поэзия минутасы» қазір оқушылар сіздің бірнеше өлеңдеріңізді жатқа айтады,ал сіз «Мен жастарға сенемін» өлеңін
тоқтаған жерінен жатқа айтып,жалғастырып кетсеңіз деген өтініш.
17.Өлең,әңгіме жазуға қайдан шабыт аласыз?
-Ағиық ақын Мұқағали,-" шабыт деген тумайды жайшылықта, шабыт деген тулайды қайшылыққа деп жырлаған. Осы бір адам бойына бір уақытта ғана келетін сезімді кейбіруіміз керегімізше, кейбіруіміз ұстай алмай қалып жатамыз. Əр адам əр түрлі алады. Біреулер жатар алдында, енді біреулер музыка тыңдағанда. Мен күтпеймін бейуақыттаөзі келеді. Мен жазып үлгеруім керек. Ақын болам деген өзін іштей дайындау керек.
18.Кітап жазып, шығару технологиясын айтып берсеңіз және неше кітабыңыз жарық көрді?
-Ең алдымен қолжазбаны сенімді баспаға тапсыру керек .Тираждың құны көлеміне байланысты. Жұмсақ қағаз қатты қағазға қарағанда екі есе арзанырақ. Кітаптағы мәтін тек бір түспен жазылса, сәйкесінше кітапты басу құны арзан. Ал егер бірнеше түстер қолданылса, қымбат. Қазір кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Мен қолымның тиген арасында 4 кітап жазып үлгердім. «Өмір –өзен» -202 жыл, «Зерендім -алтын бесігім» -2012 жыл, «Әнім сенсің туған жер» - 2013 жыл, «Қиянат» -2013 жыл шықты.
19. «Қиянат» кітабыңызда Зерен көлінің аталу тарихы екі нұсқалы екен,қайсысы дәлелдеу?Зере –білезік,Зере-елік атауы ма?
Аңыздарға сенуде қиын, дегенмен қазақ ауыз әдебиетіне сүйене отырып, батырларымыздың, билеріміздің, аттары қойылып жатады. «Зерен» - біздің аталарымыздың білезік дейді, енді бірде жерімізге ауып келген Зере деген аң болса керек.
20. Сіз көпті көрген адамсыз,өмірден түйгеніңіз не?
- Өмірде адам алдымен еңбек сүйген болуы керек. Адал еңбек биіктерге жетелейді. Адамгершілік басты мақсат болу керек, елін-жерін сүйетін азамат жетілу басты мақсаты болуы керек.
Ақын апайымыздың жолын қуып, ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген шәкірттеріміз Күләш Сәбікенқызынан автографтар алды.
Поэзия ғашық жүректен туады. Ешкім ақындық оқуды бітіріп, ақын болмайды. Ақындық тума талант, құдіретті өнер. Ақынның міндеті - өз сезімін тұншықтырмау, ағынан жарылып, азапқа салған ауыр ойдан айтып құтылу. Ақынның бірінші ерекшелігі осы болса, екіншісі – ақын сыры жұртшылықтан жасырылмақ емес, сырын жасыруға да шамасы келмейді.Ол жылай отырып күлгенін, күле отырып жылап алғанын өзі де аңғармайды. Ақындар сезім дүниесі бөлек жандар. Ақын үшін жүректен жарып шыққан жырдан артық қымбат дүние жоқ. Осы орайда Күләш апай оқушыларға жылы лебізін білдіріп, «Қонақ кәде» ретінде бірнеше өлеңін оқып берді,әндерін де шырқап берді,оқушылар бастап берген өлеңдерін жатқа айтып жалғастырды, «Абай оқулары» жеңімпаздарымен ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа айтып жарысты да.Балалар дайындап қойған барлық тапсырмаларын орындады.Бағдарламаның дәстүрі бойынша сұхбат соңында кейіпкеріміз, өзіне ұнаған сұрақ авторына 3 «Г» оқушысы Мусаева Томириске, өз кітабын қолтаңбасымен табыстады.Кітап біздің балалар үшін ең бағалы сыйлық болды. Күләш апайымыз Сыр-сұхбат бағдарламасынан алған әсеріне сай смайлик суретін таңдап алып, өз бет әлпетімен көрермендерге қайталап көрсетті. Кездесу соңы, ақын-айтыскер апайымызбен естелік фотосессия, автограф алу, бейресми бөлімі-шай ішуге ұласты.
Қонағымыз бүгінгі кеште өр де өткір, нәзік те сыршыл сезімдерімен бөлісіп, оқушыларға тәрбиелік мәні зор дүниелер айтып берді. Кездесуге қатысушыларымыз осындай әдемі кештен әдемі әсер алып, әсем жыр тыңдап, рухани байып, жан дүниелерін одан әрі кеңейте түсті.Қазіргі оқушы –ертеңгі еліміздің тізгінін ұстайтын азаматары,қырандары.Айта кетсек аспан серісі қыран бүркіттің ғажайып сипаттары аз емес. Бүгінде азаттық көгіне аспан түсті ту ілген қазаққа рухани жаңғырудың белгісінің қыран бейнесінде көрініс табуы да тегін болмаса керек! Ұлттық кодтың дәл өзі! Ұлттық кодты ұлттың негізгі тегі деп түсінуіміз керек. Иә, сол бүркіт күн көзіне жасқанбай тіке қарайтын әлемдегі жалғыз жаратылыс! Ендеше, қыран сипатты қазақтың тұғыры биік, қанаты қатты, тегеуріні мықты болып - негізгі тегі қуатты болуының арқасында қияндарға самғай берсін!
« №1 Зеренді орта мектебі » КММ
Бастауыш сынып мұғалімдері:Ергожина Алма Сартайқызы
Хамзина Бекзат Ибрашқызы